А.Лукашенко мен Н.Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына әзірлік жайын талқылады

МИНСК-АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - 24 мамырда Беларусь және Қазақстан Президенттері Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады БЕЛТА.

А.Лукашенко мен Н.Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына әзірлік жайын талқылады

Мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастарды дамыту, халықаралық ұйымдар ауқымындағы өзара іс-қимыл, интеграциялық бірлестіктердегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Президенттер сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына әзірліктің барысын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы тағы да Астанаға Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарты жобасын, сондай-ақ одан әрі ықпалдастық жолдарын қарау көзделіп отырған отырысқа қатысуға шақырды.