А.Мамытбеков: Павлодар облысы АӨК-де еліміздегі жоғары өсім байқалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2015 жылы республикадағы ауыл шаруашылығы бойынша өсім көлемі тұтастай алғанда 2,7 трлн. теңгені құрады. Бұл орайда ең жоғары өсім Павлодар облысында 12 пайызды (128 438,7 млн. теңге) құрап отыр, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 8,5 тармаққа көп, деп атап өтті ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өңірге сапары барысында аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелеріне арналған кеңесте.

А.Мамытбеков: Павлодар облысы АӨК-де еліміздегі жоғары өсім байқалды

Министрдің айтуынша, өндірістің ұлғаюы егін шаруашылығын өнімдерін 24,3 пайыз арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Облыста өткен жылы картоптан рекордтық өнім алынды - 411,8 мың тонна өнім жиналды, бұл 2014 жылғы деңгейден 17,3 пайыз көп. Әр гектардың түсімі 241,4 центнерден айналды. Бұл да - республикадағы ең жоғары көрсеткіш.

Бүгінгі таңда павлодарлық картоп өзінің сапалық сипаттамаларымен облыстың брендіне айналды және Қазақстан нарықтарында және одан да тыс жерлерде жоғары бағалануда.

Сондай-ақ Ертіс өңірінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін судың құны текше метріне 16 теңгеден келіп отыр. Судың құнының мұндай арзан болуы су шаруашылығы құрылыстары нысандарын жөндеуге инвестицияның болмауын алмастыра отырып, фермерлердің су қорларын үнемді пайдалануына ынталандыруда. Облыстағы барлық суармалы жерлердің 90 пайызға жуығы (32,8 мың га) тамшылатып, жаңбырлатып суару және басқа да үнемді технологияларды пайдалан арқылы атқарылуда. Бұл АӨК саласындағы үлгі аларлық өнеге.

Кеңесте сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігуін ынталандыру, субсидиялау жүйесін жетілдіру, органикалық өнімдер өндірісін ұлғайту, ауыл шаруашылығына инвестициялвар тарта отырып, Ресей мен Қытай нарықтарына шығу мәселелері талқыланды.