А.Миллер: Президент Н.Назарбаевпен кездесуде «ҚазРосГаз» кәсіпорны аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Имаш» кен орнының операторы болып табылатын «ҚазРосГаз» бірлескен кәсіпорны қазіргі таңда кенішті игеру жобасының құжаттарын жасауда. Оны «Газпром» ААҚ-ның Басқарма төрағасы Алексей Миллер бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыдағы резиденциясында өткен кездесуде мәлім етті,

А.Миллер:  Президент Н.Назарбаевпен кездесуде «ҚазРосГаз» кәсіпорны аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кездесу кезінде «ҚазРосГаз» кәсіпорны аясындағы ынтымақтастығымызға қатысты мәселелер сөз болды. Бірлескен бұл кәсіпорынның Орынбор газ өңдеу зауыты үшін газ сатып алу және осы бағыттағы ынтымақтастықтың болашағына көңіл аударылды. Сондай-ақ Президентті «Имаш» кен орнын игеру мен «Центральный» құрылымын жасаудың барысымен құлағдар еттім», деді Алексей Миллер. Оның айтуынша, алдағы уақытта олар енді Қазақстан жағына кеніштің геологиялық барлау жұмыстарына қатысты мәліметтерді тапсырмақ.