А.Новиков ТМД терроризмге қарсы орталықтың басшысы болып қайта сайланды

«Мен біздің төрағаның рұқсатымен ТМД кеңесінің екі басшысын тағайындау үшін таныстырмақпын. ТМД қатысушы елдердің арнайы қызметі мен қауіпсіздік органдары полиция генерал-полковнигі Андрей Новиковтың ТМД терроризмге қарсы орталықтың басшысы қызметін 3 жылға ұзарту жөніндегі ұсыныс жасады. Кеше ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі аталған ұсынысты бір ауыздан қолдады», - деді ТМД Мемлекет басшыларының кеңесінде ТМД Атқару комитетінің төрағасы - Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев.
Сонымен қатар, Ресей Федерациясы ТМД Қорғаныс министрлер кеңесі жанындағы әуе қорғанысы мәселелері бойынша үйлестіру комитетінің төрағасы Александр Головканың орнына Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің бас қолбасшысы генерал-полковник Виктор Бондаренконы тағайындау жөнінде ұсыныс жасады.
ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің төрағасы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан сайланған басшыларды құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.