А.Османғалиев Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі болып тағайындалды

АҚТӨБЕ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен Аязбай Османғалиев Хромтау ауданының әкімі болып тағайындалды.
None
None

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 47 жастағы А.Османғалиев Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша, Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылдың маусымынан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Ақтөбе облыстық департаменті директорының орынбасары.

Оған дейін бұл лауазымды атқарған Жеткерген Оралмағамбетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар