А.Островский атындағы облыстық орыс драма театры Тасқалада «Қозы Көрпеш - Баян сұлуды» қойды

ОРАЛ. 6 қазан. ҚазАқпарат - А.Островский атындағы облыстық орыс драма театры Тасқала ауданы тұрғындарына өз қойылымдарын ұсынды.

А.Островский атындағы облыстық орыс драма театры Тасқалада «Қозы Көрпеш - Баян сұлуды» қойды

Бұл сапарды ұйымдастырған театр әкімгері, Тасқала ауданының тумасы М.Қалықова. Режиссер көмекшісі А.Тяпкинның жетекшілігімен жас көрермендерге «Золотой цыпленок» ертегісі, ал кешкісін үлкендерге арнап Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» драмасы ұсынылды.

Тасқала сахнасында барлығы 11 актер қатысқан қойылымда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Тамара Столярова да өнер көрсетті.

Жалпы, аталмыш театр облыс аудандарына, сондай-ақ көршілес Атырау қаласына гастрольдік сапармен шығуды дәстүрге айналдырған.