А.Перуашев «Вираж» автокөлік холдингінің ұжымымен кездесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев бастаған партия мүшелері «Вираж» Автокөлік холдингінің ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ең алдымен «ақжолдықтар» аталмыш компанияның автосалонындағы сатылымға қойылған жаңа техникаларды аралап көрді.
None
None

«Біздің «Ақ жол» партиясы сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп кетті. Бұған дейін Орал қаласында болдық. Бүгін міне отандық өндірушілердің бірі - «Вираж» автокөлік холдингіне келіп, осында сатылымға қойылған жаңа техникаларды аралап көрдік және ұжыммен кездестік», - деді А. Перуашев.

Айта кетелік, «Вираж» автокөлік холдингі Қазақстанның автокөлік нарығында 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді.  Компанияның коммерциялық техника сегментіндегі үлесі 74 пайызды құрайды. Бірқатар коммерциялық техникалар шығаратын Семей автоқұрастыру зауыты осы холдингтің құрамына кіреді. Зауытта бүгінде «Daewoo Bus», «Газель», «Урал», «Foton», «Shacman»көліктері шығарылып жатыр. Зауытта отандық мазмұн 30 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда «Вираж» автокөлік холдингінде бір мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар