17:20, 14 Наурыз 2014 | GMT +5
Ә.Смайылов: Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 13,5 пайызға өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 13,5 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Қаңтар айында сыртқы сауда айналымы 10 млрд. 575 млн. АҚШ долларын құрады және былтырғы жылдың қаңтарымен салыстырғанда 13,5 пайызға өсті», - деді ол.
Агенттік басшысының айтуынша, еліміздің қаңтар айындағы сыртқы сауда айналымының 7 млрд. 887 млн. долларын экспорт, ал 2 млрд. 687 млн. долларын импорт құрады.
«Тұтыну бағаларының индексі биылғы жылдың ақпанында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 102,6 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 2, азық-түлік емес тауарлар 2,2, ақылы қызметтер 2,8 пайызға өсті», - деді агенттік басшысы.