А. Солженицынның «ГУЛАГ архипелагы» романы міндетті мектеп бағдарламасына енді

АСТАНА.  Қыркүйектің   10-ы.  ҚазАқпарат -   Ресейлік  жоғары  сынып   оқушылары  Александр  Солженицынның «ГУЛАГ архипелагы»   романын оқитын болғанын  ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған   болатын.

А. Солженицынның «ГУЛАГ архипелагы» романы міндетті мектеп бағдарламасына енді

Жазушының   жесірі Наталья Солженицына     «ГУЛАГ  архипелагы» романының    қысқартылған  нұсқасын   баспаға  дайындап       отыр. ИТАР-ТАСС агенттігінің  хабарлауынша,      жазушының   зайыбы    қолжазбаны   Білім министрлігіне  тапсырған.  Енді  оны  сарапшылар,    мұғалімдер мен әдіскерлер     оқып шығады.

1973 жылы   шетелде  басылған "ГУЛАГ архипелагы"   романы  КСРО-да    тек 1989 жылы ғана    жарық көрді  және     бұған  дейін      орта мектепте   роман  тек  бейіндік  деңгейде    оқытылып келді.  Енді  бұл шығарма    орта  білімнің  мемлекеттік  білім стандарттарының федералдық    құрамына енгізілгеннен кейін,    романның  үзінділерін  зерттеу   ресейлік  барлық жоғары сынып оқушылары  үшін міндетті  болып отыр.