А. Винокуров биыл өзі қатысуға бел буып отырған жарыстардың тізімін жария етті

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Өткен жылы «Астана» клубына оралған Қазақстанның үздік велошабандозы Александр Винокуров үшінші кезеңде алғаш рет қатысуға бел буып отырған жарыстардың тізімін жария етті.
None
None

Бұл ақпаратты sport.gazeta.kz сайты таратып отыр.

Аталған сайтта жарияланған мәліметтерге қарағанда, велошабандоз жылдың басты бәсекесі «Джиро д'Италия» жарысына дейін ақпанның 10-14-і аралығында өтетін «Жерорта теңізі туры» көпкүндігіне қатысады. Ол бұған дейін бұл көпкүндікке 2001 жылы немістің «Дойче Телеком» командасының құрамында қатысқан болатын.

А.Винокуров бұдан кейін наурыздың 10-16-сы аралығында «Тиррено-Адриатико», сәуірдің 20-23-інде «Джиро дель Трентино» көпкүндіктерінде, сәуірдің 26-сында «Льеж-Бастонь-Льеж» жарысында бақ сынамақ. Ал мамырдың 8-20-сы аралығында «Джиро д'Италия» көпкүндігінде жарыс жолына шықпақ.

Соңғы жаңалықтар