Абай Алтай Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорда жариялады.
Абай Алтай 1991 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген
2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «аймақтану» мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылы Ұлыбританияның Кардифф университетін тәмамдады, MBA.
2013-2014 жылдары – «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК Аккредиттеу орталығының маманы;
2014-2016 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы орынбасарының көмекшісі;
2016-2018 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты;
2018-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының көмекшісі;
2019-2020 ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары;
2020-2022 жылдары – ҚР Президентінің Хаттама Қызметінде консультант, инспектор, сектор меңгерушісі;
2022-2023 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасы ресми іс-шаралар және сыртқы байланыс бөлімінің меңгерушісі болды.
2023 жылғы 7 маусымда ҚР Президентінің Өкімімен ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.