Абай атындағы МАОБТ сахнасында Мариин театрының әншілері Жанна Домбровская мен Ахмед Агади өнер көрсетеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 2015 жылғы 25 қаңтарда Дж. Вердидің «Травиата» операсында Мариин театрының солтистері Жанна Домбровская (сопрано) және Ахмед Агади (тенор) өнер көрсетеді, деп хабарлады Afisha.kz сайты.
None
None

«Травиата» Джузеппе Вердидің Мария Пьявенің либреттосына А.Дюма-ұлдың «Камелиялы әйел» романы негізінде жазылған операсы. Оның негізіне өмірбаяндық роман алынған. Верди шыншыл, адамды тебірентетін шынайы реалистік шығарма жасады.

Ж.Домбровская Нью-Йоркте, Римде, Мадридте, Мәскеуде, Баден-Баденде және Германияның басқа да қалаларында, сондай-ақ Оңтүстік Кореяда гастрольдерде болды. 2000 жылы Н.А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консерваториясын және Мариин театрының жас әншілер академиясын бітірген. 2001-2003 жылдары - Санкт-Петербрг мемлекеттік опера және балет театрының әншісі болды. 2003 жылдан бері Мариин театрының опералық топ құрамындда.

А.Агади - Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның халық әртісі, Әншілердің Бүкілресейлік конкурсының дипломанты. 1993 жылы П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірді және мәскеулік К.С. Станиславский мен В.И.Немирович-Данченко атындағы музыкалық театрының әншісі болды. 2005 жылдан Мариин театрының опералық топ құрамында.

Францияда, Ұлыбританияда, Голландияда, Данияда, Австрияда, Бельгияда, Латвияда, Аргентинада, Түркияда өнер көрсетті. 1998 жылы Қазанда өткен Ф.Шаляпин атындағы Халықаралық опера фестивалінде үздік әнші болып танылды.

Соңғы жаңалықтар