Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Абай ауданында медиация қазақ билерінің үлгісімен жұмыс жүргізеді - ШҚО

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформалары аясында осы жылдан бастап, Абай ауданының ауылдық округ әкімдері мен ірі кәсіпорындар басшылары дауларды шешу мәселесінде медиатор рөлін атқаратын болады, деп хабарлады бүгін ӨКҚ баспасөз қызметінде аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков.

 Абай ауданында медиация қазақ билерінің үлгісімен жұмыс жүргізеді - ШҚО

Медиатор міндетіне тараптарды мұқият тыңдау, келіссөз үрдістерін ұйымдастыру, идея беру кіреді.
«Қазақ халқы ерте заманнан бері дау-дамай, жанжалды билер сотында шешкен. Бұл әділ әрі нәтижелі болған. Осы үлгіде өз ауданымызда тиімді медиация жүйесін қалыптастыруды жөн санадық», - деді аудан басшысы. Ауданда облыстық сот төрағасы Досжан Әміровтің қатысуымен отырыс өткен болатын. Сонда би соты үлгісінде медиация жүйесін құру мәселесі шешілді. Қазір медиатор ретінде 8 беделді тұлға аудандық дауларды шешуде. Жоспар бойынша әр ауылда 3-4 медиатордан болады, - деп мәлімдеді аудан әкімі.