Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: Ұлытаулықтар ұлы ойшылдың рухына тағзым етті

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM - Бүгін Ұлытау облысында қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған Ұлы Абайды ұлықтау күні салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шара Абай ескерткіші жанында өтті.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Мереке С.Қожамқұлов атындағы театр әртістерінің театрландырылған қойылымымен басталып, көрермендерге ұлы ақынның өмірі мен мұрасы жайлы тағылымды көрініс ұсынылды. Арнайы дайындалған алаңда Абайдың кітаптары, суреттері және шығармашылық мұрасына қатысты көрмелік экспозициялар көпшілік назарына ұсынылды.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова құттықтау сөзінде Абайдың халық руханиятындағы айрықша орнын атап өтіп, оның өсиет-өнегесі әр ұрпаққа жол көрсететін шамшырақ екенін жеткізді. Сондай-ақ, Ұлытау облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, абайтанушы Бекболат Есенов жиналғандарға жүрекжарды лебізін білдірді.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Салтанатты жиын аясында «Абай-дана, Абай-дара» атты ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды. Бас жүлдені Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының ұстазы Жанат Әбдіғожин иеленді. Жүлдегерлер сахнада өз өлеңдерін оқып, көпшілік қошеметіне бөленді.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ойшылдың рухына тағзым етті. Хакім Абайдың туған күні қарсаңында ескерткіш маңында оның әндері шырқалып, өлеңдері оқылды.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Айта кетейік, «Абай керуені» әдеби сапары 4 тамызда Жезқазған қаласында басталып, Ұлытау, Жаңаарқа аудандары, Қаражал, Сәтбаев қалалары және Жәйрем кентінде жалғасын тапты. Жоба мақсаты – Абайдың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттап, ұлттың рухани құндылықтарын дәріптеу.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Осыған дейін Абай облысындағы «Абай-Шәкәрім» кесенесі аумағында «Этно ауыл Жидебай» кешені бой көтеретіні туралы жаздық.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар