Абай облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Айжан Құрманова Абай облысы білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Айжан Кұрманова 1970 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын тарих пәні мұғалімі, Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық училищені бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласындағы №34 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастаған.
Әр жылдары Семей қаласындағы бірнеше мектепте мұғалім, директордың оқу әдістемелік жөніндегі орынбасары, Евразия гуманитарлық колледжінде, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті мен Семей медицина университетінде оқытушы, Семей қалалық білім бөлімінің әдіскері, Абай облысы білім басқармасының бөлім басшысы болды.
Бұған дейін Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Бұған дейін Бауыржан Ердембеков Абай облысы білім басқармасының басшысы болған еді.