Абай облысы Табиғи ресурстар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Марат Теміржанов тағайындалды.

Абай облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Марат Теміржанов тағайындалды
Фото: Абай облысы әкімдігі

Марат Қапарұлы 1972 жылы 1 қаңтарда Абай облысы Көкпекті ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1997 жылы «Семей» мемлекеттік университетін «Зоотехния» мамандығы бойынша, 2009 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Көкпекті ауданы Үлгілімалшы совхозында ветеринар технигі болып бастаған. Әр жылдары «Аббат» ЖШС-де, телекоммуникация саласында, ауыл шаруашылығы және қаржы ұйымдарында еңбек етті.

2006-2009 жылдары Көкпекті аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман, 2009-2010 жылдары Белое ауылдық округінің әкімі, 2010-2015 жылдары Көкпекті аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы, 2015-2025 жылдары Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары болды.

2025 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалғаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар