Абай облысы жұмылдыру даярлығы басқармасына жаңа басшы келді

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысы жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы болып Ерсін Ескендіров тағайындалды.

ерсін ескендіров
Фото: Абай облысы әкімдігі

Ерсін Кәдірбекұлы 1985 жылы 28 желтоқсанда дүниеге келген.

2009 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «экономика», 2020 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ШҚО Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының кадр маманы ретінде бастады.

2012 жылы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маман-заңгері болды.

2012-2014 Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы қызметін атқарған. 

2015-2020 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеген. 

2020-2021 жылдары Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

Осыған дейін Абай облысы Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Соңғы жаңалықтар