Абай облысында 6 қызметкер жалған дипломмен жұмыс істеген, оның біреуі басшылық лауазымда

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан «Семей орманы» МОТР қызметкерлерін анықтады.

жалған диплом
Фото: Kazinform

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын әшкереледі.

«Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес, аталған қызметкерлерге диплом берілмеген», — деп жазды бақылаушы органнан.

Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттар жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Айта кетейік, Ақмола облысында жалған құжатпен жүрген жүргізуші ұсталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар