Абай облысында 8 жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына түрмеге қамалды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы Жарма ауданында 8 жасар қызды зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты.

сот
Фото: freepik.com

Бұл туралы сот ісі облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

- М. есімді азаматқа кәмелеттік жасқа толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша айып тағылған. 2024 жылдың тамыз айында Шар қаласында болды. Сол кезде қыз 8 жаста еді, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сот шешімімен сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, осыған дейін Атырауда үстіне ескерткіш құлаған бүлдіршіннің өліміне кінәлі адам сотталғаны хабарланған.

 

Соңғы жаңалықтар