Абай облысында Бесқарағай ауданының әкімі сайланды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімі болып Ділдар Қалихан сайланды.

Абай облысында Бесқарағай ауданының әкімі сайланды
Фото: Абай облысы әкімдігі

Ділдар Қалихан 1985 жылы 17 қыркүйекте Шығыс қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Коробиха ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Дамир» шаруа қожалығының басшысы қызметінде бастаған. 2007-2012 жылдары «Үшбұлақ» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап ШҚО ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, кейін ШҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

2014-2017 жылдары аралығында Зайсан және Катонқарағай аудандары әкімдерінің орынбасары лауазымында еңбек етті.

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімі, Абай облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Осыған дейін Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында Балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы тағайындалғаны хабарланған.