Абай облысында бюджет қаражатын жымқырған ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Үржар ауданы прокуратурасы ауылдық округтің бұрынғы әкімі қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады.
Прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеп, материалдар процестік шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жолданды.
Соттың үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.
– Абай облысының прокуратурасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауаптылықтың бұлтартпастығын қамтамасыз ету және мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жалғастырады, - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Айта кетейік, Қызылордада мектептің бас есепшісі мен мұғалімдер аса ірі мөлшерде мемлекет қаржысын жымқырған.