Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Абай облысында қызды пышақтап өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Абай облысы Бородулиха ауданында қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.

СКО-да 22 жастағы жігіт кәсіпкерді өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 шілде күні таңғы сағат 06:00 шамасында Бородулиха ауылында жергілікті тұрғын өз үйінің маңынан пышақ жарақаттары бар бойжеткеннің мәйітін тапқан.

- Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, ауданның 20 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тергеудің алдын ала мәліметінше, күдікті мен марқұм бір-бірін таныған. Олардың арасында жанжал шыққан.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, осыған дейін Атырауда әйелін қызының көзінше пышақтап өлтірген зейнеткер 15 жылға сотталғаны хабарланған.