Абай облысында полицейлер Тәуелсіздік күні жол қауіпсіздігін күшейтті

АСТАНА. KAZINFORM — Бір аптадан бері тәртіп сақшылары қолайсыз ауа райына байланысты тәулік бойы қозғалысты бақылап, жүргізушілерге қауіпті учаскелерден өтуге және колонналармен қауіпсіз жүруге көмектесіп келеді.

патрульная полиция патрульдік полиция
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Абай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке күнінде де полицейлер қызмет орнында болып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр.

Сонымен қатар сақшылар азаматтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жолдағы қауіпсіздік әр жүргізушінің жауапкершілігінен басталатынын еске салды.

— Қолайсыз ауа райы кезінде полицейлер 3 мыңнан астам көлікке ілесіп жүрді. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Алматы, Павлодар және Өскемен бағыттарындағы автожолдарда қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілді, — делінген хабарламада.

Полиция жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Бұдан бұрын Абай облысында қызметтік иттердің көмегімен 28 қылмыс ашылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар