06:44, 05 Қазан 2025 | GMT +5
Абай облысында полиция жүргізушілерге ескерту жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Абай облысының патрульдік полиция қызметкерлері ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүргізушілерге сақ болуды ескертті.

Қазір облыстың солтүстігі, орталығы және оңтүстігі қар аралас жаңбыр жауып, жолдар тайғақ болып тұр. Батыс пен шығыс өңірлерінде көктайғақ байқалады. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып тұр, кей аудандарда екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
– Полиция жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау және көліктерін алдын ала қысқы дөңгелекке ауыстыру қажеттігін ескертеді, – делінген Абай облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Бұған дейін еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланған болатын.