Абай облысында заңсыз пайдалы қазба өндірумен айналысқан тұлғалар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жарма ауданында жүргізілген рейд барысында тиісті рұқсатсыз алтын және басқа да пайдалы қазбаларды іздеумен айналысқан бес тұлғаны анықтады. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.

Заңсыз қазба байлығын өндірген
Фото: ІІМ

— Құқықбұзушылардан заңсыз қызметте пайдаланылған металл іздегіштер тәркіленді. Сот аталған тұлғаларды ӘҚБтК-нің 463-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі дептанып, 41 286 теңге мөлшерінде айыппұл салу және жабдықтарды мемлекет кірісіне тәркілеу түріндегі жаза тағайындады, — делінген хабарламада. 

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Степногорскіде заңсыз алтын өндірген топ ұсталған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум