Абай облысында уақытша көлік кептелісіне байланысты жол қауіпсіздігі күшейтілді
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысының трассаларында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысында кідірістер пайда болды.
Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ауа райының нашарлауына және қозғалысқа енгізілген шектеулерге байланысты жолаушылар мен жүк көліктерінің уақытша кідіруі байқалған өңірдегі бірқатар автожол учаскесінде күшейтілген тәртіпте қызмет атқарды.
Қалбатау ауылы (Жарма ауданы)
Мұнда қалғандар:
• 70 жүк көлігі (70 адам),
• Зайсан–Семей бағытындағы 4 рейстік автобус (2 жүргізуші),
• Бақты–Семей автобусы — 30 жолаушы (оның ішінде 3 бала),
• Маканшы–Семей автобусы — 38 жолаушы (1 бала),
• Барлық-Арасан–Семей автобусы — 35 жолаушы (20 бала).
Жолаушылар мен жүргізушілер уақытша орналастыру пунктіне барудан бас тартты.
Олар үшін Жарма ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы базасында уақытша орналастыру пункті дайындалды.
Бесқарағай ауданы
• Павлодар облысы жағынан кіреберісте 37 жүк көлігі тоқтап тұрды — жүргізушілер орналасудан бас тартты,
• Семейге шығар жолда 23 жүк көлігі болды.
Тұрғындар үшін Бесқарағай колледжі базасында уақытша орналастыру пункті дайындалды.
Сонымен бірге Семей–Қалбатау және Семей–Павлодар бағыттарында көлік жиналуы тіркелген жоқ.
Полиция азаматтарды алыс сапарлардан бас тартуға, төтенше қызметтердің хабарламаларын бақылап отыруға және жолдағы қызметкерлердің нұсқауларын орындауға шақырады.
Еске салсақ, осыған дейін Қызылорда облысындағы жол бөлігінде көлік қозғалысы шектеліп, ШҚО-да жол ашылғанын жазғанбыз.