Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Бүгін Абай облысында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орай жаңа Ата заңның ресми басылымын табыстау рәсімі өткізілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті
Фото: Абай облысының әкімдігі

Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мейрамхат Айнабеков, құқық қорғау органдарының, өңірлік департаменттердің жетекшілері, басқарма басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті
Фото: Абай облысының әкімдігі

Аймақ басшысы өз сөзінде жаңа Конституцияның ел дамуындағы тарихи маңызына тоқталды.

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті
Фото: Абай облысының әкімдігі

— Бүгіннен бастап бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституция өз күшіне енді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Конституция — ел үшін тек құқықтық құжат қана емес, қоғамды біріктіретін басты құндылық. Жаңа Конституция еліміздің жаңару бағытын айқындап, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге және өңірлердің орнықты дамуына жаңа серпін береді. Жаңа Конституцияны қабылдау — барша халқымыздың ортақ таңдауы әрі ортақ жауапкершілігі. Осы маңызды тарихи үдеріске әрқайсыңыз өз үлестеріңізді қостыңыздар. Азаматтық ұстанымдарыңыз бен ел болашағына деген жанашырлықтарыңыз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, — деді Берік Уәли.

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті
Фото: Абай облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасы Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде Конституцияның 25 мың данасы басылып шығарылып, мемлекеттік органдарға жеткізіледі. Оның 1146 данасы Абай облысына бөлініп, аудандарға, білім беру ұйымдарына, кітапханаларға және кәсіподақтарға таратылды.

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті
Фото: Абай облысының әкімдігі

Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысының арнайы құттықтауымен жолданған жаңа Конституцияның ресми басылымы облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков пен облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мейрамхат Айнабековке салтанатты түрде табысталды.

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті
Фото: Абай облысының әкімдігі