Абай облысында жаңа жыл түні 2 мыңнан ас полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 31 желтоқсаннан 2026 жылғы 1 қаңтарға қараған түні Абай облысында 2 мыңнан аса полицей мерекелік іс-шаралар барысында қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды.

Абай облысында жаңа жыл түні 2 мыңнан ас полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті
Фото: Абай облысы ПД

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңа жыл түні елеулі қылмыстық оқиғалар тіркелген жоқ.

— Аталған уақыт аралығында «102» арнасына шамамен 180 хабарлама келіп түсті. Өтініштердің басым бөлігі көлік құралдарының дұрыс қойылмауына байланысты болды — кейбір жағдайларда автокөліктер басқа жол қозғалысына қатысушылардың өтуі мен шығуына кедергі келтірген. Сондай-ақ жеке заттардың, атап айтқанда сөмкелер мен әмияндардың жоғалуына қатысты хабарламалар тіркелді, — делінген хабарламада.

Абай облысында жаңа жыл түні 2 мыңнан ас полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті
Фото: Абай облысы ПД

Сонымен қатар, негізінен тұрмыстық және кездейсоқ жарақаттарға байланысты медициналық мекемелерге 15 адам жүгінді. Олардың ішінде пиротехникалық бұйымды қолдану салдарынан баланың көзін күйдіріп алу дерегі бар. 

Мерекелік түні алкогольдік масаң күйге байланысты екі жағдай, азаматтарға қатысты алаяқтықтың төрт фактісі және көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың бір дерегі анықталды.

Абай облысында жаңа жыл түні 2 мыңнан ас полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті
Фото: Абай облысы ПД

Бұдан бөлек, отбасылық жанжалдарға қатысты бірнеше хабарлама түсті. Әрбір хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдады. 

Абай облысының Полиция департаменті тұрғындарға жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарағаны және құқық бұзушылықтар туралы уақытылы хабарлағаны үшін алғыс білдіреді. 

Бұдан бұрын Қазақстанда ең жиі салынатын айыппұлдар сомасы ұлғайғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар