Абай облысында жол қауіпсіздігі күшейтілді: полиция тұрғындарды ескертті

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысында ауа райы күрт нашарлап, трассаларда қозғалыс шектелді.

Абай облысында қар мен көктайғақ: жолдарда полицияның күшейтілген режимі енгізілді
Фото: Видеодан алынған скрин

9 желтоқсан күні облыс аумағында қар жауып, жолдарда көктайғақ пайда болды. Осыған байланысты полицейлер трассаларда тәулік бойы бақылауды күшейтті.

Қазір ШҚО бағытына және Семей қаласынан Алматы бағытына шығатын автожолдар жабық. Барлық санаттағы көлік үшін қозғалыс уақытша шектелді.

— Облыс тұрғындарын аса қажеттілік болмаса жолға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз, — делінген хабарламада.

Айта кетелік ауа райына байланысты Түркістан облысында жүк көліктерінің қозғалысы шектелген еді.

Соңғы жаңалықтар