Абай облысындағы Аягөз қаласы мен Мамырсу ауылы әлі жарықсыз отыр

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы Аягөз ауданында өрт салдарынан бірқатар елді мекен жарықсыз қалған болатын. Қалпына келтіру жұмыстарына қарамастан әлі де барлық үйге жарық берілмеді.

жарық
Фото: freepik.com

Қазіргі уақытта қосалқы станцияда қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

- Өрт салдарынан бірнеше ауданда – Аягөз, Мақаншы, Үржарда электр қуаты үзілді. Бірақ мамандардың жедел әрекетінің арқасында көп ауылда жарық қайта қосылды. Қазіргі уақытта сол жерде Үржар, Жарма аудандарының, Семей және Өскемен қалаларының мамандарынан құралған 10 жөндеу бригадасы жұмыс істеуде. Кешкі 21.00-ге қарай қалпына келтіру жұмыстарын толықтай аяқтау көзделіп отыр, - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінен. 

Осы сәтте Аягөз қаласының бір бөлігі мен Мамырсу ауылдық округіндегі 9,5 мыңға жуық адам әлі жарықсыз отыр. 

Ал Аягөздегі алты қазандықтың барлығы да қалыпты жұмыс істеп, қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз етіп тұр. 

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысының Аягөз ауданында өрт салдарынан бірқатар елді мекен жарықсыз қалғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар