Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Абай облысындағы маңызды автожолда қозғалыс уақытша шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысында жауын-шашын салдарынан жолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Жүргізушілерге бағыт бойынша жағдайды алдын ала ескеріп, сақтық шараларын сақтау ұсынылады. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті.

Абай облысындағы маңызды автожолда қозғалыс уақытша шектелді
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

— 8 шілде сағат 23:45-тен бастап Абай облысында жауған жаңбырдан жиналған су жолдың үстімен ағып, көлік қозғалысына қауіп төндірген. Осыған байланысты «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Боғас» бағытындағы KAZ15 автожолының 852–900 шақырым аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Шектеу Қызыл-Кесік ауылынан Сәтбаев ауылының бұрылысына дейінгі учаскеге қатысты, — делінген хабарламада.

Шектеу қойылған жолдар туралы толық ақпаратты www.qaj.kz сайтындағы «Ақпараттық картадан» көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін ҚазАвтоЖол жолдардағы жаңа «ақылды» камералардың не үшін орнатылып жатқанын түсіндірді.