Абай облысының прокуратурасы агроиндустриялық кластер инвесторының құқықтарын қорғады
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысының прокуратурасы агроиндустриялық кластер құру жобасына қатысатын инвестордың құқықтарын қорғады. Бұл іс Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен жүргізілді.
Жобаның жалпы құны шамамен 50 миллиард теңгені құрайды және 150 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Тексеру барысында уәкілетті органдардың инвесторға жер учаскелерін рәсімдеуден негізсіз бас тартқаны анықталды. Прокуратураның араласуымен барлық әкімшілік кедергі жойылып, инвестор жобаны қалыпты жағдайда жалғастыра алды. Сонымен қатар кінәлі лауазымды тұлғалар заң алдында жауапқа тартылды.
Аталған агроиндустриялық кластердің іске асырылуы өңір экономикасының дамуына ықпал етіп, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді.
Айта кетсек, осыған дейін Абай облысында «тиімді инвестиция» ұсынып, азаматтарды алдаған күдікті анықталғанын жазған едік.