Абай облысында 30 мың гектарға жайылған орман өртінің неден шыққаны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат Абай облысының Бородулиха ауданындағы өртті сөндіру ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындап кетті. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков атап өткендей, географиялық жағдай да өте қиын, себебі жер бетіндегі ауыр техника құм төбелерінен әрең өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ әкімдігіне сілтеме жасап.
None
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Димитрий Гариков алғашқы өртті сөндіруге техника жеткенше өрт аумағы шамамен 20 гектарды құрағанын айтты.

- 8 маусым күні сағат 12:03-те Семей қаласынан 25 шақырымдай қашықтықтағы Батпаев орман шаруашылығының 66 кварталында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт найзағайдың 2 рет соғуынан шыққан. Өртті тез арада ауыздықтау мүмкін болмады, оған себеп «Семей орманы» мемелекеттік орман табиғи резерваты техникасы биік құм төбелері орналасқан аймаққа жете алмады. Өрт орман шаруашылығы орналасқан жерден қашықтығы 11 шақырымды алса, техника жеткенше өрт аумағы 20 гектарды құрады. Жоғары температура мен қатты желдің салдарынан өрт екі сағаттың ішінде 200 гектар аумақты шарпыды, - деді Димитрий Гариков.


Орман өрті Успен, Поднебесное, Барышевка ауылдарына қауіп төндіретіндіктен, тұрғындар жедел түрде эвакуацияланды барлығы 316 адам эвакуацияланды).

Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың мүлкін қорғау үшін оқиға орнында аудандық ішкі істері бөлімі қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта Бородулиха тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ.

– Өрт 30 мың гектарға жуық аумақты қамтыды. Өрт салдарынан Батпаев, Камышен және Успен орман шаруашылықтары зардап шекті. Түнде эвакуация Успен, Грушовка және Поднебесное ауылдарында жүргізілді. Елді мекендер аумағындағы тұрғын үйлердің саны 200-ге жуық. Барышовка ауылында бір тұрғын емес және 2 тұрғын үй өрттен зардап шекті, деп қосты облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінде өрт орнында 600-ден астам адам, 168 техника, 6 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Көлемі 154 тонна болатын 55-тен астам су шашылды.

Батпаев, Камышен және Успен орман шаруашылықтарының «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы өрт одан әрі жайылып жатыр.


Қазіргі уақытта 3 өрт ошағы қалды: батыс бөлігінде (Камышен орман шаруашылығы Камышенка ауылы маңында), сондай-ақ Каштак бағытында және жедел штаб орналасқан Успен ауылында өрт өршіді.

Өрттің таралуына жол бермеу үшін қызметкерлер орман аумағын күзетіп жүр.

Қазіргі уақытта ауа температурасы шамамен 30 градусты құрайды, бұл өртті сөндіруді айтарлықтай қиындатады, жел бағытының өзгеруі және өрттің жайылып, таралуы барлық бағытта жұмысты қиындатып отыр.

Апат орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі Марат Күлдіков, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов, Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев және басқа да барлық жауапты қызметкерлер болды.


Соңғы жаңалықтар