Абай және Жетісу облыстарында жол ашылды — ҚазАвтоЖол

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол еліміздің екі облысында көлік қозғалысы жанданғанын хабарлады.

Абай және Жетісу облыстарында жол ашылды — ҚазАвтоЖол
Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

«2026 жылғы 22 ақпан сағат 08:30-да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысы ашылады», делінген хабарламада.

Абай облысы: 

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейін); 

Жетісу облысы:

- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 561-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласы – Абай облысының шекарасы).

Еске сала кетсек, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін Атырау–Орал жолы I техникалық санатқа қашан ауыстырылатынын жаздық.

Соңғы жаңалықтар
Референдум