Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Абайтанушы-ғалымның тағдыры туралы жаңа кітап жарық көрді ? Семей

СЕМЕЙ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Қазақтың белгілі абайтанушы-ғалымы, жазушы, ақын Қайым Мұхамедханов туралы жарыққа шыққан кітап «Тағдыр және Қарлаг» деп аталады. Көрнекті қаламгер туралы басылымды шығаруға Фридрих Эберт қоры демеушілік жасады,

Абайтанушы-ғалымның тағдыры туралы жаңа кітап жарық көрді ? Семей
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматыда басылған жаңа кітап кеңестік тарихтың нәубетті кезеңі ? сталиндік қуғын-сүргін туралы баяндайды. Мұхтар Әуезовтің талантты шәкірті, абайтанушы Қайым Мұхамедханов Шәкәрім шығармашылығын зерттегені үшін атақты «58-ші бап» бойынша Алматы түрмесінде отырған, одан кейін Қарлагқа жөнелтілген. Ғалым және жазушы «халықтар көсемі» - Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана бостандыққа шықты. »Тағдыр және Қарлаг» кітабында өткен ғасырдың 50-ші жылдарындағы сирек құжаттар орын алған, онда Абай мен Шәкәрім мұраларын сақтап қалуға тырысқан шығармашылық зиялы қауымның басынан өткен қиыншылықтар туралы айтылады.