Әбдіжәміл Нұрпейісов Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті

деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.
Ұлы Отан соғысының қатысушысы, танымал «Қан мен тер» трилогиясының авторы жастармен қазіргі заман, қазақ әдебиетінің беталыстары мен болашағы туралы ойларымен ашық бөлісті. Өзінің әріптестері арасында Әбіш Кекілбаевты, Дулат Исабековты және Қабдеш Жұмаділовты атады. Жасының ұлғаюына қарамастан, жазушы әлі қарымды, шығармашылық жоспарлары мен жаңа идеялары баршылық.
Құрметті қонақ оқырмандар аудиториясын толғандырған сұрақтарға жауап берді, қалам тартқан жас авторларға батасын беріп, жастарды шығармашылық қызметке, классикалық және заманауи әлемдік әдебиетті оқуға шақырды. «Достоевский, Пушкин, Толстой, Абайды оқыңыздар, адамға өмірлік қажетті рухани мұрадан бас тартпаңыздар», - деді ол.