Абдулла Батырбек Азия ойындарында джиу-джитсудан қарсылас шақ келтірмеді

АСТАНА. KAZINFORM – Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Абдулла Батырбек Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңімпаз атанды.

джиу-джитсу
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Ол 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. ҚР ҰОК мәліметінше, финалда Батырбек Салем Алькубаисиді (БАӘ) жеңді.

Айта кетейік, джиу-джитсудан ұлттық құрама қоржынында осымен төрт медаль бар.

Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында джиу-джитсудан жарыстар басталды.

Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық Абдулла Батырбек 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы Азия ойындарының финалына шықты.

 

Соңғы жаңалықтар