09:50, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Абхазияның вице-президенті қарақшылық шабуыл барысында жараланды
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Абхазияда елдің вице-президенті Александр Анквабаға қарсы қарақшылық шабуыл жасалды,
деп хабарлады Абхазия Ішкі істер министрлігінің ақпарат көзі.
РБК агенттігі хабарлап отырғандай, осы түні А.Анквабаның үйі гранатометпен атқыланған. Шенеунік жарықшақ тиіп жарақат алғанымен, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиға қыркүйектің 23-і күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 3.00 шамасында орын алған. Қазіргі оқиға орнында жедел топ жұмыс істеп, қылмыскер іздестіріліп жатыр.