Әбіш Кекілбайұлының жеке мұрасы Президент Архивіне тапсырылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті жазушы әрі ойшыл Әбіш Кекілбайұлының жеке архиві ҚР Президентінің Архивіне ресми түрде тапсырылды.

Әбіш Кекілбайұлының жеке мұрасы Президент Архивіне тапсырылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Президент Архиві мен Әбіш Кекілбайұлының отбасы арасында архивтік материалдарды мемлекеттік сақтауға беру жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Атап айтқанда, бұл келісімді Архив директоры Әлия Мұстафина мен жазушының немересі Абыл Кекілбаев бекітті.

абыл Кекілбаев
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Абыл Кекілбаев атасының мұрасын мемлекеттік қорға өткізу туралы шешімді қабылдау оңай болмағанын айтады.

— Біз осы қолжазбалар мен папкалардың арасында өстік, олар бізбен бірге бір үйден екінші үйге көшіп жүрді. Атамыз қайтыс болған соң архив тағдыры жайлы сұрақ туындады, — дейді ол.

Әбіш Кекілбайұлының жеке мұрасы Президент Архивіне тапсырылды
Фото: Бірғаным Әлиқызы

Уақыт өте келе құжаттар мен қолжазбалар жазулы қағаздар сарғайып, сиясы өше бастаған. Ал бұл материалдардың тарихи және мәдени мұра ретіндегі құндылығы түсінікті. Сондықтан оны дұрыс жағдайда сақтау және ғылыми айналымға енгізу туралы шешім қабылданған.

— Архивпен келіссөзді екі жыл бұрын бастадық. Жаңа ғимарат ашылатыны белгілі болған соң, нақты қадамдар жасалып, қолжазбалар түгенделіп, жинақталды. Дәптерлер, іссапар естеліктері мен жеке құжаттар да тапсырылды. Ең бастысы, бұл материалдарды болашақ ұрпақ пайдалана алады, – дейді жазушының немересі.

Әбіш Кекілбайұлының жеке мұрасы Президент Архивіне тапсырылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Архив директорының айтуынша, Әбіш Кекілбайұлының жеке архиві – жаңа ғимаратта қабылданған алғашқы қор.

Әлия Мұстафина
Фото: Бірғаным Әлиқызы

— Бүгін Президент архиві үшін айтулы күн, тарихи сәт. Әбіш аға әдебиет пен ел тәуелсіздігі тарихында ерекше орны бар тұлға. Оның архивін біздің қорда сақтау – зор мәртебе, — деді Әлия Мустафина.

Әбіш Кекілбайұлының 22 мыңнан астам парақтан тұратын 308 жеке мұрасы мұқият жинақталған. Олардың арасында жазушының қолжазбалары, хаттары, Парламент пен Үкіметтегі баяндамалары, ресми құжаттары да бар. Әсіресе, көркем шығармалары мен ресми мәтіндердің қолмен жазылған түпнұсқалары ерекше құнды саналады.

Қуаныш Сұлтанов
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Әбекеңнің даналық орны айрықша еді, ішіміздегі сырды да айтушы едік. Болашақ ұрпақ оның еңбегін зерттеп, оқитын болса, ұлтымыздың жақсы болып өсетініне сенемін. Өкінішке қарай, кезінде архивтің дұрыс сақталмауынан қаншама тарихымыз өшіп қалды. Тәуелділік заманында репрессияға ұшыраған талай адамның ұрпағы тегін өзгертуге мәжбүр болды. Бүгінгі архив қызметіне алғыс айтамын, – дейді көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы Қуаныш Сұлтанов.

Әбіш Кекілбайұлының жеке мұрасы Президент Архивіне тапсырылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Әбіш Кекілбайұлының жеке мұрасы Президент Архивіне тапсырылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Алдағы уақытта құжаттар электронды форматқа көшіріліп, жазушының рухани мұрасы цифрлық кеңістікте сақталмақ.

Әбіш Кекілбайұлының жеке мұрасы Президент Архивіне тапсырылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Айта кетсек, еліміздің архив қорларының 25%-ы электронды нұсқаға көшірілген. Бірер жылда кез келген қазақстандық мұрағатта сақталған ақпараттарды үйінде отырып-ақ көре алады.

Қазіргі таңда Президент архивінде 1,5 миллионнан астам құжат сақтаулы. Олардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым мен мәдениет өкілдерінің жеке қорлары да бар. Әрбір құжатқа бірегей нөмір мен архивтік сипаттама беріліп, жүйелі түрде реттеліп, тарихи контексте сақталады.

Еске салайық, қазақ әдебиетінің қара нары Әбіш Кекілбайұлы тірі болғанда былтыр 85 жасқа толар еді.

Әбіш Кекілбайұлының жеке мұрасы Президент Архивіне тапсырылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Әбіш Кекілбайұлының жеке мұрасы Президент Архивіне тапсырылды
Фото: Бірғаным Әлиқызы
Әбіш Кекілбайұлының жеке мұрасы Президент Архивіне тапсырылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Әбіш Кекілбайұлының жеке мұрасы Президент Архивіне тапсырылды
Фото: Бірғаным Әлиқызы
Әбіш Кекілбайұлы
Фото: Бірғаным Әлиқызы

Бірғаным Әлиқызы

Соңғы жаңалықтар