«Әбу-Даби Плаза» кешені Гиннестің рекордтар кітабына кіруі мүмкін
«Бұл «Бәйтеректің» көрінісі ашылып тұратын көпбейінді кешен болады. Ғимарттың биіктігі 320 метрді құрайды. Негізі, бұл толық биіктігі емес. Бәлкім бүкіл Орталық Азия бойынша Гиннестің рекордтар кітабына кіріп қалармыз. Мұнда Біріккен Араб Әмірлігіндегі нысандар құрылысында пайдаланатын барлық жаңашылдықтар қолданылады», - деді ол. «Арабтек Консолидэйтед Контракторс Лимитэд» бірлескен компаниясы өкілінің атап өтуінше, кешеннің «А», «О», «Y» блогтарында кеңселер орналасса, «Н» блогы қонақ үй болады. Ал «Z» блогы тұрғын үйлерге арналады. Биіктігі 75 қабатты құрайтын «А» блогында 106 мың шаршы метрді құрайтын 446 пәтер болады. Ал 29 қабатты «О» блогының жалпы аумағы - 68 мың шаршы метр. Қонақүй мен қызмет көрсету орындарына арналған «Н» блогының биіктігі небәрі 14 қабатты құрайды, жалпы аумағы - 32 мың шаршы метр. 30 қабатты «Y» блогында тек кеңселер ғана орналасады. Оның жалпы аумағы - 64 мың шаршы метр. Негізінен тұрғын үйлерге арналған 16 қабатты «Z» блогында жалпы аумағы 20400 шаршы метрді құрайтын 122 пәтер болады.