Әбу-Дабиде Қазақстан дипломаттарының тұрғын кешені салынды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы - Әбу-Даби қаласында Қазақстан Республикасы Елшілігінің дипломаттары көппәтерлі жаңа тұрғын кешенге көшті.
None
None

Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян арасында қол жеткен уағдаластықтың негізінде жүзеге асырылды.

БАӘ СІМ жауапты тұлғалары, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысқан салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Асқар Мусинов бұл кешеннің Қазақстан мен Әмірліктер арасында қалыптасқан өзара сенімді және ерекше жылы ықыласты достық қатынастардың айқын үлгісі екенін атап өтті.

Елшілік қызметкерлеріне арналған кешен Әбу-Дабидің жаңадан дамып келе жатқан шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы қалашығында орналасқан. Кешенде дипломаттар үшін барлық жағдайлар жасалған: пәтерлер толығымен жиһаздармен, заманауи теле және бейнеқондырғылармен, байланыс жүйлерімен жабдықталған; балаларға арналған ойын алаңы, мейрамхана, кітапхана, сондай-ақ денешынықтыру залы бар.

Соңғы жаңалықтар