Абылай ханның 300 жылдығы тойланып отырған қазақ еліне алғысымызды айтамыз - Моңғолиядағы Шыңғыс хан ұрпақтары

None
None
None

КӨКШЕТАУ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанды түркі тектес халықтардың нағыз орталығы деп білемін. Бүгін Көкшетаудағы «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Дүниежүзілік Шыңғыс хан академиясының президенті Пурэв-Ойдовын Даваанян осылай айтты.


«Абылай хан Жошының ұрпағы, ал мен Төленің ұрпағы болғандықтан бүгін қазақ жерінде мерекеленіп жатқан осы айтулы күн мен үшін маңызды. Тарихтағы орны ерекше тұлғалардың қайраткерлігін кеңінен насихаттаудың кезі жетті. Мәселен, осыған дейін елі үшін өлшеусіз еңбек еткен адамдардың атаулы күндерін мерекелеу шаралары ұмыт болса, енді тәуелсіздіктің арқасында Абылайды ардақтап отырсыздар. Сондықтан да тарих парақтарындағы осындай атаулы күндер үшін қуаныштымын және менің бабаларымды дүниежүзі мойындаған деп түсінемін», - дейді ол.

«Абылай ханның 300 жылдығы тойланып отырған Қазақстан елі мен жеріне алғысымды айтамын. Шыңғыс ханның ұрпағы елу екі мемлекетке тараған. Ал соның ішінде Шыңғыс ұрпақтарының басым бөлігі Моңғолия мен Қазақстанда. Атап айтқанда, негізінен қазақ жеріндегі ұрпақтары ғана өзінің бабалары жайында жақсы біледі», - деді Пурэв-Ойдовын Давааниян.

Абылай хан Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек. Одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

Соңғы жаңалықтар