Абылай ханның ұрпақтары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Ұлы бабасы бейнеленген естелік мүсінді тапсырды

КӨКШЕТАУ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетаудағы «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Ұлы ханның ұрпақтары өздерінің алғысы ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Абылай хан бейнеленген естелік мүсінді тапсырды.
None
None

Атап айтқанда, хан ұрпақтары конференцияда Абылай арманын жүзеге асырып, тәуелсіз елдің өркендеуіндегі еңбегі үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді.

Бүгін Көкшетауда Абылай ханның 300 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Таңертең қалада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов және зиялы қауым өкілдері мен шетелдік қонақтардың қатысуымен Абылай ханның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Абылай хан - Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек. Одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

Соңғы жаңалықтар