«Абырой» қоғамдық-консультативтік кеңесінің кезекті отырысы өтеді

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Ағымдағы жылғы ақпанның 19-ында Алматыда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының жанынан құрылған «Абырой» қоғамдық-консультативтік кеңесінің кезекті отырысы өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жиында кеңестің 2009 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасы бойынша атқарылған істер қорытындыланады, одан әрі жүзеге асырудың жолдары қарастырылады. Сондай-ақ Халықтық тұғырнаманың ең маңызды -әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси 3 бағытын талқылау жоспарланып отыр», - дейді партияның ресми өкілі Оксана Петерс.Шараға «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин, «Абырой» кеңесінің мүшелері, партия белсенділері қатысады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум