ӘЧ-2026: Испания 16 жылдан кейін әлем чемпионатының финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалындағы Франция — Испания кездесуінің нәтижесі белгілі болды.
Кездесу барысында қарсыластар бірден толассыз шабуылға көңіл бөлді. Килиан Мбаппе бастаған жігіттер жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеген еді. Есесіне олар өз қақпасына гол жіберіп алды.
Ойынның 22-минутында франциялық Люка Динь өзінің айып алаңында Испания футболшысы Ламин Ямальды шалып құлатты. Сальвадорлық бас төреші Люка Динь белгілеген пенальтиден испаниялық Микель Оярсабаль мүлт кеткен жоқ.
Одан кейін Дидье Дешам шәкірттері таразы басын теңестіруге ұмтылған еді. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды.
Екінші кезеңде 58-минутта испаниялық Педро Порро есепті ұлғайта түсті.
Осылайша испаниялық футболшылар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.
Испания 2010 жылы әлем чемпионы атағына қол жеткізген еді. Олар он алты жылдан кейін қайтадан сол жетістігін қайталауға мүмкіндік алып отыр.
Испания H тобында екі жеңіс, бір тең ойынмен 7 ұпай жинады. Олар Уругвайды 1:0, Сауд Арабиясын 4:0 есебімен жеңіп, Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең түсті.
Одан кейін 1/16 финалда Аустрияны 3:0, 1/8 финалда Португалияны 1:0, Бельгияны 2:1 есебімен жеңді.
Айта кетсек, енді 15 шілдеде Қазақстан уақытымен 23:50–де Англия — Аргентина құрамалары финалдың тағы бір жолдамасын сарапқа салады. Финал мен 3-орын үшін ойын 19 шілдеге белгіленген.