ӘЧ-2026: Испания Аустрияны ойсырата жеңіп, 1/8 финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Испания құрамасы Аустрияны 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды, деп жазады Report.
Лос-Анджелестегі SoFi Stadium стадионында өткен кездесуде испаниялықтардың сапынан Микель Оярсабаль 36 және 89-минуттарда дубль авторы атанса, Педро Порро 66-минутта бір гол соқты.
Осылайша, Испания құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Енді олар келесі кезеңде Португалия мен Хорватия арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Бұған дейін АҚШ құрамасы 1/8 финалына жолдама алды.
Сондай-ақ Бельгия құрамасы қосымша уақытта Сенегалды 3:2 есебімен жеңіп, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.