13:04, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
Адам денінің саулығы 50 пайызға дейін оның өмір салтына байланысты - С. Қайырбекова
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Адам денінің саулығы 50 пайызға дейін оның ұстанған өмір салтына бйланысты. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

Министрдің айтуынша, ұлттық денсаулық саласындағы басым міндеттердің шешімін табуы өз саулығын қорғауға жұртшылықты белсенді тартуға байланысты болып табылады.
«Елбасы Жолдауында «егер денсаулықты қорғау әр отбасының басты міндетіне айналса, мемлекет қабылдаған шаралардың тиімділігі мың есе артатынын» атап өткен еді. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, адам денінің саулығы 50 пайыз өмір салтына байланысты болады. Тек 10 пайызы ғана сол елдегі медициналық көмектің даму деңгейіне байланысты болып отыр», - деді министр Салидат Қайырбекова.