"Адам капиталы мемлекет дамуында шешуші рөл ойнайды» - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты С. Кенжеболат
АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ – Елде болып жатқан дағдарыстық құбылыстарға қарамастан, мемлекет білім беру шығындарын, соның ішінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларының шетелдегі тағлымдамасын қаржыландыруды жалғастыруда. Таяуда Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебіндегі шетелдік тағлымдамадан Академияның 10 магистранты оралды. Солардың бірі Сәруар Кенжеболат біздің тілшімізге тағлымдаманың қалай өткендігі турасында әңгімелеп берді.
«Шетелдік тәлімдік тәжірибеден өту Академияның оқу үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі және ол магистранттардың білімін кеңейтуі және олардың мемлекеттік басқару саласындағы халықаралық тәжірибені үйренуі мақсатын көздейді. Елдегі дағдарыстық құбылыстардың салдарынан қаржылық қиындықтар болғанымен, мемлекет биылғы оқу жылында білім беруге жұмсалатын шығыдарды сақтап қалды, соның арқасында біз ? Академия магитстранттары шетелдік тәлімдік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болдық. Академия басшылығы және ректор Бақыт Камалбекқызы Есекинаның тікелей өзі Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі, Сигапурдағы Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі сияқты беделді және әлемдегі көш бастап келе жатқан оқу орындарында тәлімдік тәжірибеден өтуді ұйымдастыруға көп күш жұмсады.
Біз ? Мұрат Қайырбек, Раушан Мухамеджанова, Есіркеп Баубеков, Әлімжан Оразов ? ағылшыннан тіл білімі деңгейін дәлелдеген барлығы 10 магистрант Лондон экономика мектебіне жіберіліп, наурыздың 16-сы мен 30-ы аралығында «Мемлекеттік секторды басқарудағы және халықаралық саяси экономикадағы осы заманғы проблемалар» курсы бойынша оқыдық, бұл оқу курсы қазақстандық тараптың қажеттілігіне орай жасалған болатын және онда мемлекеттік басқару секторын реформалау, парламентаризм, жергілікті басқару, мемлекеттік реттеу, трансатлантикалық қатынастар, халықаралық экономика мәселелері бойынша еуропалық және британдық тәжірибе, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілік мәселелері қамтылған», - дейді С. Кенжеболат. «1895 жылы негізі қаланған Лондон экономика мектебі әлеуметтік, саяси және экономикалық білімдерге мамандандырылған әлемдік деңгейдегі білім орталығы. Мектепте 16 академиялық департамент, 7 пәнаралық институт және 30-дан астам зерттеу орталықтары жұмыс істейді. 2008 жылғы бағалаулар бойынша Лондон экономика мектебі бейіндік негізгі пәндерден білім сапасы бойынша Ұлыбританияда бірінші-екінші және әлемде төртінші орындарда келеді. Мектеп түлектерінің арасында экономика, әдебиет және бейбітшілік үшін күрес салаларындағы 15 Нобель сыйлығының лауреаты бар. Бұдан басқа, мектепте 32 қазіргі және бұрынғы мемлекет басшылары оқыды және сабақ берді. Лондон экономика мектебінің кітапханасы келушілерге тәулік бойы ашық, әлеуметтік ғылымдар бойынша әлемдегі ең үлкен кітапхана, оның қорында 4 миллионға тарта кітаптар мен басылымдар бар.
Екі апталық оқыту курсы өте қауырт болды, сабақтар таңертеңгі 9-дан кешкі 7-ге дейін жүргізілді. Біздің топ үшін арнайы өткізілетін бөлек сабақтармен қатар, біз Мектеп оқушыларымен бірге жалпы дәрістерге де, қонақтар лекцияларына да қатыстық. Сабақтарды Лондон экономика мектебінің профессорлары мен докторлары интерактивтік және ұғынықты түрде жүргізді.
Курс қорытындысы бойынша магистранттар «Халықаралық саяси экономика» Мектебі магистратурасы баағдарламасының тапсырмалары тізімінен таңдалған тақырыптар бойынша жеке эссе даярлады, Ұлыбританиядағы денсаулық сақтау және теміржол салаларында мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін енгізу тақырыбында топтық жұмыстарды қорғады, сондай-ақ өтілген материалдар бойынша қорытынды тест тапсырды. Курс аяқталғаннан кейін салтанатты жағдайда магистранттарға Лондон экономика мектебінің сертификаттары тапсырылды. Мен топтың таңдаулы студенті атану құрметіне ие болып, профессор Фрэнсиз Терридің қолынан Ұлыбританиядағы конституциялық құрылыс және мемлекеттік басқару туралы кітап пен ескерткіш сыйлық алдым.Лондонда қысқа мерзім ғана болғанымызға қарамастан, мен үшін жоғары білім саласында болсын, тұтастай алғанда қоғамның өмір сүру сапасында болсын, біздің елдеріміз арасындағы айырмашылық айқын білініп тұрді. Бір жағынан, біздің адамдарды әсем ғимараттармен, тақтайдай тегіс жолдармен, материалдық әлемнің басқа да игіліктерімен таңғалдыра алмайсың, алайда адамдардың қарым-қатынастарындағы өзгешеліктер, олардың демократиялылығы және төзімділігі, айналасындағыларға сыпайы және құрметпен қарауы, қоғамдағы жалпы тәртіптерді сақтауы бірден көзге түседі. Менің пікірімше, мемлекеттің дамуында тап осы адами капитал шешуші рөл атқарады, әрбір қазақстандықтың терең сана-сезімі мен берік азаматтық ұстанымынсыз елдің жаңа сапалық орнықты дамуына қол жеткізу қиынға соғады. Әркім алдымен өзінен бастауы, жоғары моралдық сапаларды өзіне сіңіріп, өз айналасында қолайлы психологиялық ахуал орнатуы тиіс. Егер біз адамдардың бойында жаңаша ой-сана сезімдерін тәрбиелеп, қоғамымызды түлете алатын болсақ, еліміздің дамуы жолындағы кез келген реформа анағұрлым тезірек және тиімдірек жүзеге асырылатынына кәміл сенемін».