08:54, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
Адам ұрлады деп айыпталған павлодарлық азамат 11 жылға кесілді
ПАВЛОДАР. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда бөгде азаматтың мүлкіне заңсыз ие болу мақсатында адам ұрлау туралы қылмыстық іс бойынша сот аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. Сотталушы азамат өткен жылдың наурыз айында сыбайластарымен бірлесіп екі павлодарлықты пәтерлерінен ұрлаған және оларды 16 күн бойы гараждың жертөлесінде ұстаған.Қылмыскерлердің көздері олардың пәтерлеріне түскен болып шықты. Сот зардап шегушілердің азапталғанын, денсаулыққа зиянды жағдайда ұсталғанын, ұзақ уақыт бойы ас-сусыз отырғандарын анықтады. Бұл қылмыс қоғамдық резонанс туғызып, облыс прокуроры істің жүргізілу барысын өзінің жеке бақылауына алған болатын. Сот азамат Третьякты ҚР Қылмыстық кодексінің 125-ші бабы - «Адам ұрлау», 324-ші бабы ? «Азаптау», 107-ші бабы - «Құжаттар ұрлау» бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға соттады. Жалпы режімдегі колонияға кесілген қылмыскердің дүние-мүлкі де тәркіленеді. Оның сыбайластарына қатысты да қылмыстық іс қозғалды, оларды ұстау жөніндегі шаралар қабылдануда.