Адамдардың тұрақты жұмыстары болуы керек - Елбасы Жолдауы

ПАВЛОДАР. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған Жолдауында «өздері әрекет етіп,

Адамдардың  тұрақты  жұмыстары  болуы керек -  Елбасы Жолдауы

тіршілік жасап жатқан» халықты еңбекпен қамту мәселесіне тоқталды.

«Өздерінше әрекет етіп, тіршілік жасап жатқандар» бізде аз емес. Олар да жұмыс істеуде, олардың 30 пайызы - өз шаруашылықтарында мал өсіріп, бау-бақшамен айналысып отырған ұсақ шаруалар. Міне соларға шағын несиелер беруіміз керек, әрине бақылаумен. Микрокредиттік ұйымдар жұмыс істеп жатыр, олардың бастарын біріктіру керек. Тағы бір мәселе, уақытша жұмыс істеп жүрген адамдар тағы бар. Бүгін жұмыс бар да, ертең жоқ. Олар да 30 пайызды құрайды. Міне соларды да еңбекпен қамту керек, бизнес, мемлекет оларды өздеріне тартулары керек. Жаңа индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырып жатқан кәсіпорындарға қажетті резервтер - осылар. Бұлар - 30 пайыз. Оларға қолдау көрсету керек. Адамдардың қолын тұрақты жұмысқа жеткізу үшін алғаш рет осындай үлкен жұмысты қолға алып отырмыз», дейді Елбасы.